БІР ДӘУІРДЕГІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАҚ ТА ҮНДЕС БІР ДАУЫСЫ

0
IMG_2130

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне мың алғыс! Түркітілдес журналистер қорының басшысы Нәзия Жоямергенқызы мұрындық болған іс-шараға айрықша қолдау білдірді. Өңірлерден жиналған қалам ұстаған қауым халықаралық деңгейде өрелі ой, келелі кеңес тыңдап, өрістерін кеңейтіп жатыр. Сонымен:

БІР ДӘУІРДЕГІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАҚ ТА ҮНДЕС БІР ДАУЫСЫ
журналистерге медиа кеңістікте Түркі елдерінің ортақ құндылықтары қалай дәріптелу керек екендігін үйретіп жатыр.

Жер-жерден жиналған қарға тамырлы Қазақтың қалам ұстаған қауымы Алматы төрінде. Қырғызстан журналистер одағының басшысы Илязбек Балташев, Әзербайжан Журналистер Одағының басшысы Эльчин Шихлы, Германиядағы Түрік медиа ассосациясы вице-президенті Аднан Өзтүрік, Түрік журналистер ассосациясының президенті Өзджан Өзбай қазақ жерінде. Таң азаннан жүздесті. Құнды да қажетті мәліметтерін ортаға салып отыр. «Көрсем, білсем, үйренсем, айтсам» деп үздіксіз ізденіп жүретін бізбен білгендерімен бөлісіп жатыр. Игі істері біздің журналистер одағына жұғысты болсын!

Тақырып аясы тым терең. Біртұтас ақпараттық алаңдағы Түркі әлемінің цифрлық кеңістігі турасында келелі ой әңгіме өзегіне айналды. Аймақтық қауіпсіздіктегі медианің рөлі сөз болды. БАҚ -тың диалог пен шиеленісті азайту құралы екеніне басымдық берілді. Естіп отырып, Германиядағы түріктілді басылымдардың әу жайына тамсандық. Шаужайына «жазылма деп, жазылмаймын» деп жабысып жатқан ешкім жоқ екен. Таралымына таң қалдық. Ол жақта біздегі сияқты «Газетті кім оқиды?»,-деп ешкім көкімейді ме, беделі тым биік.

Он миллиондаған тиражды естігенде есімізден тана жаздадық. Өркениетті елдер басын жастықтан ала сала, басылым қарайды. Бізде үнпарақты қор санайды. Әйтпесем бізде бар әлеужелі мен цифрлық медианы оларда жоқ деп кім айтты. Саналарға өзгеріс қажет. Осы орайда ҚР Ақпарат министрлігінің дәстүрлі БАҚ-ты дамыту туралы жанайқайы жаңғырық болып тұр әзірге.

Хош делік. Форумды ашқан министрлік өкілінің сөзі бұл жиыннан ауқымды даму күтетінін байқатты.

-​Бұл форум бізді ортақ идеяларға топтастырған, өзара тәжірибе алмасуға жол ашатын маңызды алаң. Бұл басқосу түркі мемлекеттерінің ақпараттық ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған игі бастамалардың бірі деп есептеймін. Тарихы, мәдениеті, тілі жақын халықтар үшін ортақ медиа кеңістікті дамыту тек кәсіби міндет қана емес, ол рухани әрі стратегиялық қажеттілік.

​Түркі елдерінің ақпараттық байланысын күшейту, бірлескен контент әзірлеу, өзара түсіністікті нығайтып, халқымыздың ортақ құндылықтарын дәріптеуге күнделік береді.
​Қазіргі цифрлық дәуір бізге жаңа мүмкіндіктермен қатар күрделі сын-қатерлерді де ұсынып отыр. Ақпарат ағымының шамадан тыс көбеюі, цифрлық платформалардың үстемдігі және гибридтік сипаттағы ақпараттық қауіптер медиа саласында жаңа тәсілдер әзірлеуді талап етеді.
​Бұл ретте, жасанды интеллектің рөлі ерекше.

Жасанды интеллект журналистиканың форматын түбегейлі өзгертіп, редакцияның жұмысын, редакциялардың жұмысын жеңілдетіп келеді. Контент генерациясы, деректерді талдау, мультимедиалық материалдарды автоматты түрде өндіру ақпарат индустриясының жаңа бет-бейнесін қалыптастыруда,-деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Ақпарат комитетінің Баспа БАҚ-тарында ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы Шерехан Дастан.

Жалпы Түркі әлемінің ортақ тарихын құндылықтарын дәріптейтін ашық, әрі сенімді ақпараттық кеңістікті құру қазір ортақ міндетімізге айналып отыр. Осы орайда бүгінгі талқылаулар осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсері хақ.

​ Форум «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» деп айдарланыпты. Айшықталған тақырыпқа сай, танымымыз кеңейсін!

Жалпы, бұл игі бастаманың басында тұрған «Түркітілдес Журналистер Қоры» 2014 жылдың 11 қарашасында Алматы қаласында құрылды. Оның басты мақсаты түркітілдес елдердің журналистері арасындағы кәсіби және мәдени ынтымақтастықты дамыту, ортақ ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және тәжірибе алмасуға жағдай жасау болатын. Сол жағдайды халықаралық деңгейде жасап та келеді.

Мәйекті сөзімізді дәйектей кетейік, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр сияқты бауырлас елдерге қазақ журналистері үшін тегін танымдық сапарлар ұйымдастырылуда. Осы орайда жиындардың халықаралық сипатын ғана емес, атап айтсақ, алыстан ат арылтып келген қонақтардың дайындығы қор беделінің биіктігін де байқатып қалды.

​Ал алғашқы Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы 2019 жылы Стамбулда ТТЖҚ-ның ұйымдастыруымен өткізілді. Күні бүгінге дейін соны дәстүрге айналды деп отырғанымыз сондықтан.

​Бүгін, 2025 жылдың қарашасында Алматыда өтіп жатқан VI Форум ​ТТЖҚ-ның тынымсыз еңбегінің арқасында. Бізге пайдалылысы шексіз ақпарат ағымының жетегінде кетпей, Сіздерге, көзі қарақты оқырман қауым, шынайы, ашық, сенімді әрі тексерілген ақпаратты жеткізетін боламыз. Бұдан да қызықты мәліметтер алдағы уақытта. Бізбен бірге болыңыздар.

Алия Ортаева — журналист.

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #шеврон #chevron #mediaforuminalmaty

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *