• Қазақстандағы шетелдік экологиялық журнал

0
IMG_0548

“National Geographic” елімізде қазақ тілінде басып шығарылатын әлемдік , шетелдік журнал.Таңғалдырарлық бір жайт 80-ге жуық елге тарайтын әлемдік басылымға қазақ тілі 38-ші тілі болып қосылды.Бұл басылым еліміздегі маңызды экологиялық мәселелерге назар аударды.Басылымның негізгі мақсаты- экологиялық мәселелерді,еліміздің сұлу табиғатын,өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуандығын насихаттау, зерттеу мен ғылымды бейнелі түрде баяндай отырып, оқырманға ой салу, шабыттандыру.Журналдың алғашқы саны 1888 жылы жарық көрген болатын.Бірақ Қазақстанда 2016 жылдың ақпан айында жарық көрді.
Журнал саясаттан тыс дүниелерді, соның ішінде адамзат өркениетінің өзекті мәселесінен бастап, көне тарихына дейін барлайтын, тұмса табиғат, география, археология, тарих және т. б. көптеген ғылым саласын кеңінен қамтитын, дәйекті әрі дәлелді зерттеулерге құрылған сапалы контент. Материалдар көптеген фотосуреттермен бірге жеткізіледі. Журнал өзінің заманауи келбетін көптеген фотосуреттермен және танымал стильмен 1896 жылы, оның мұқабасында «иллюстрациялық журнал» деген сөздер пайда болған кезде алды. Әу баста иллюстрациялық материалдары аз,негізінен ғылыми бағытта жасалған журнал кейін безендірілуі көп,тілі жалпыға ұғынықты танымал журналға айналған.Сол уақыттан бері көптеген жоғары сапалы иллюстрациялар,суреттер журналдың басты ерекшелігіне айналды. Көптеген танымал суретшілер журналмен жұмыс жасаған болатын. Орталығы АҚШ-тың Вашингтон қаласы.Ұлттық география қоғамының ресми басылымы ретінде шыққан бұл журнал жылдар бойы құнды деректерімен оқырман сеніміне ие болған. АҚШ ұлттық география қоғамымен тарихи-этнографиялық зерттеулермен шұғылданып, ұзақ жылдар бойы мол тәжірибе жинаған. Сондықтан бұл журналдың материалдарын нақтылы дерек көзі ретінде құнды әрі сенімді деуге болады.

Осындай мағлұматы мол, мүмкіндігі көп журналды Қазақстанға да тартуды көздеп, Астанадағы «Қазмедиа» холдингінің басшылығы National Geographic журналының басшылығына ұсыныс жасаған.Бұл басылым тек журнал ретінде ғана емес телеарна ретіндеде жарық көрген.
Жақында National Geographic Қазақстанды 2024 жылғы туристік бағыт ретінде атап өтіп, оның бай мәдени мұрасын, таңғажайып пейзаждарын және әртүрлі туристік нұсқаларын атап өтті. Негізгі көрікті жерлерге айналадағы таулары мен Қайыңды көлі сияқты көлдері және әсерлі Шарын каньоны бар Алматы жатады. Орталық Қазақстан Шымкент сияқты тарихи қалаларды ұсынады, ал батыстағы Маңғыстау облысы өзінің ерекше шөл ландшафттарымен және палеонтологиялық ерекшеліктерімен танымал.

Сонымен қатар, келушілер Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты атқа міну мен сұңқар шаруашылығын көрсететін іс-шараларға қатысып, көшпелілердің дәстүрлерін сезіне алады.
Басылым бетіне жарияланатын мақалалар ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аудырылады.Бұрындары тікелей аударма болмаған, материалдар алдымен орыс тіліне кейін қазақ тіліне аударылған. Тікелей аударманың ұтымды қыры көп. Себебі орыс тіліне аударып, кейін қазақшаға аударғанда материал мүжіліп қалады, осы келеңсіздікке жол бермес үшін біздің білікті аудармашылар материалды тілге жеңіл, жүрекке қонымды ең бастысы мағынасын көркем жеткізуге тырысады.
“Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.” -деген қазақтың керемет мақалынада сай келетін бұл басылым,табиғаттың қандай керемет екенің адамдарға білдіру үшін жеткізу мақсатында құрған.Ұлы даланың кең жазық даласы бүгінде заманауи қалаларымен, іс-шараларымен және көлік тораптары арқылы әлемге өзін танытып келеді.

Әсіресе Алматының тауы мен табиғаты, Көлсай, Қайыңды, Шарын сынды туристік орындар келушілерді бей-жай қалдырмайды. Қазақстанның орталығын көргісі келгендер Жібек жолы бойындағы Шымкент пен Түркістанға бара алады. Ел батысындағы Маңғыстау, Каспийдің жағасы мен Үстірт қорығы да – басты туристік бағыттардың бірі.

Материалда қазақтың ұлттық тағамдары мен күзде өтетін Көшпенділер ойыны туралы да айтылған.
Түрлі әсем жерлер туралы ,олардың тарихы жайлы баяндайды.
Шетелдік басылымдар Қазақстанды одан әрі дамыту үстінде болғандықтан,қазіргі заман ағымына сай жаңа жобалар құру.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1 курс студенті Сезім Қайырлыбекқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *