САЙМАНЫН САЙЛАҒАН АТТАН БАСҚА КӨРСЕТЕТІН НЕҢ ҚАЛДЫ, ЖҰМАҒҰЛОВА?

0
IMG_6727

 

Шымкенттегі ең кежегесі кері кетіп, тұралап қалған сала ақпараттық саясат па деп тұрмын. Сенбесеңіздер қала көшелерін көріңіздер. . Баннерлер мен көрнекі құралдар ішкі саясаттың басшысының басына бәле әкелгендей-ақ осы салаға жұтылып кетті. Көше тұтастай тұттай жалаңаш. Ақпараттық тақтайшалар мен ақын-жазушылардың әдемі сөздері, президенттің полит- инфо- графикаға негізделген істері, ол жасаған, жасайтын жоспарлы жұмысы барысында айтқандары «пұшпағы қанамаған қатынның» күйін кешіп тұр. Егер Әйгерім Жұмағұлова саясаттың адамы болса, үгіт насихатқа негізделген ақпараттық тақтайшаларға ел саясатының халық білмей шұбап жүрген тұстарын мұрнынан тізіп тұрып іліп тастар еді. Жоқ ілмеді, ілуді білмеді.

«Атасының басы емес, атының тасын» көрсетіп тұрған Шымкенттегі алып мүсіндей» болып ішкі саясаттағы жұтылған жалғыз тірлік бұл болса, жақ ашпар ек…

БАҚ-тағы мемлекеттік ақпараттық саясат та «құмалағы көтеніне қатқан көгендеулі қозыны» елестетеді. Жыл басынан бері қуаласаң құмалақ тастайтын уақыт әлдеқашан өтіп кетті, Президенттің саясатынан іш тартып, жиіркеніп жатқандай жылжымады. Бұл жағдай Шымкенттің ұстанған саясаты емес әлбетте. Әйгерімнің барлығы «менің шешімім мен нұсқауыма тәуелді болу керек!» деген пиғылынан туындап жатқан жоқ пекен? Итім білсін ендігі.

Мегаполистің ішкі саясаттағы басшысының мұрнына саясаттың иісі барса, білер еді, мемлекет басшысының барлық іс жоспарларының жүзеге асатын уақтысы жылдың бірінші жартыжылдығы. Саяси науқанның «қазаны асылып, астына от жағылып, сорпасының көбігі биылғы қаңтарға дейін алынып» қоюы керек болатын. «Еті пісіп-түсіп» қоятын уақыт әлдеқашан өтіп кетті. Бұл бикеш қамсыз. Бет бояуды білеміз, «қазан қаңтарылып бос тұр». Науқандардың барлығына БАҚ түгел қатыстырылмады. Біздің бикештің қалауымен көңіл сүйгендері даңғырлап, қаңғырлап жүріп саяси шаралардың басына барып, қалғандарымыз ұят болмасынмен салып, қаламыздағы қаптаған сайттар мен газет-журнал сияқты барлық тетіктер Тоқаевтың биылғы жартыжылдықта айтқандарына жүз пайыз жұдырықтай жұмылдырылмай қалды.
Жоспарсыз жүйеге түсе алмай қалған ақпараттық саясаттың салқыны әдетте үгіт-насихаттың кежегесін кері тартады. Насихат жүз пайыз жүргізілмесе, ел қалай құлақтанады, ұқпадық… Сонымен бұл сала да сол Шымкенттің шыға беріс қақпасындағы мүсіндей «Атамның басын қоя бер, атымның тасы көрінсе болдының» керін келтіріп тұр.

Сайып келгенде Әйгерім Жұмағұлова қаланың ішкі саясатына қатысың болғандықтан сол мүсін төңірегінде де сенің ісіңнің үлесі болу керек еді. Шымкенттегі «сайманын сайлаған» дәу аттың мүсіні қаланың «еркегі де, қатыны да Екатерина» дегенді меңзеп тұғыры тым асқақ тұрғызылған жоқ. Баһадыр Нарымбетов «қаулы қарар» қабылдап, Алпамыс батырды атымен ары-бері тасып жүріп, белін сындырып алып, реставрация деп шапқылап жүрген уақытта «ай қарап, жұлдыз санадың ба?» Арнайы парақшаларыңды тарқатып кеп жіберіп, шымқала жұртынан сауалнама жинамадың ба? Біз білмей, көз көрмей, «көтерем аттай тұралап қалды ау» деп ойлап жүрген ақпараттық саясатыңдағы блиц-опрос бөлігі тым болмаса жұмыс жасапты ау деп ойланар едіік.

Қанша дегенмен қүлағы едірейген Байшұбардың үлкен ескерткіші халықаралық транзитте ғана емес, қаланың бас қақпаларының бірінде тұрғызылды. Елдің пікірімен санасу керек. Шымқаланың ішкі саясаты тікелей өзіңе тәуелді. Сауалнаманы жүргізсең, көрсетші қанекей?! Бұл тұсың да, шөп шықпайтын тастақтың кебін киіп жатыр. Микрофон алдында бұлданып, долданып лайк жинатқан мәселенің шаңын шығара алдың, мүсінге қатысты істе ішкі тұрақтылығымызға «тұрпайы тұрысы» әсер ете ме, жоқ па, қыртыңа да кірмейтін сияқты үнсізсің. Бұлдансаң, долдансаң неге Баһадырдың алдында бұлданбайсың. Елден блиц-опрос алынбады. «Сіз не істеп жатырсыз? Мен жұрттан сауалнама жинамай жатып, көпшілік пікірін білмей жатып өздігіңізден шешім қабылдауға кім сізге рұқсат берді?» деп бір ауыз айттың ба? Әй қайдам…

Жұрт бір қайнауы кем пікірімен аттың борбайына қарап пікір айтып, кіріп-шығып жүр қазір. Айтқан жерден аулақ, көздеріне шыққан сүйелдей болып, бір жағдай шыға қалса, дордай асып, қашып кетпейтінің ақиқат қой. Сол кезде, жұрт пікірі жазылған сауалнамаң болмаса, бәлду-бәлду деп тұрасың ба?

Құрметті салиқалы саясаткер Ғабит Сыздықбеков мырза. Мүсінге қатысты көтерген мәселемнің ақ желкені мегаполис жұртының тыныштығы үшін қайраңға шығып қалды. Жалпы ескерткіш біткенше , Жұмағұлованың «жарғақ қүлағы жастыққа тимей» басы қасында жүрсе, біз қазір Алпамыс батырдың нар тұлғасына сүйсініп, дұрыс тұрғызылған ескерткіштен рух алып жүрер ек. Азаматтық альянстың (қоғамның) жұмыла жасаған тірлігінің бір ұшын Ішкі саясаттағы бас бикешіңіз бақылағанда, бұлай бетімізді сіз де, біз де басып, ұяттан жерге кірердей болып жүрмес едік қазір. Неге ол отыз шақты үкіметтік ұйымның басын қосып отырған азаматтық альянстың мүмкіндігін пайдаланбады?

Әйгерім, сен қолыңда тұрған мүмкіндікті пайдаланғаныңда, солар арқылы блиц-опрос жинағаныңда тым болмаса «Қоғамдық ұйымдар үн қосты ғой дер едің. Ғабит Сыздықбеков мырза, осы Әйгерім Жұмағұлова сізге несімен ұнайды? Ақпараттық саясатты қалай, күшті жүргізіп жатыр ма, сіз үшін? «Сырт көз сыншы» деген бар. Біз басқасын былай қойғанда ішкі саясаттың көзімізбен көріп жүрген бір парасын ғана жазып тұрмыз. Қалғаны өзіңізге аманат.

Мен мұрнынан тізген мәселенің бәрін АП ға айтып, жібі түзу басшы жібер демесеңіз, Алпамыстың батыржың бвсын аттың артына тығып тастағандай сорақылық жалғаса берер мекен деп алаңдаймыз. Ішкі саясат саласының ақпараттық саясаты бір орнында тұра беріп, басынан бақайшығына дейін тот басып кетпесе игі еді. Себебі қазір, Шымқалаға «Байшұбар борбайым» деп қана емес, президенттің ақпараттық саясатына Жұмағұлова «шорбайым» деп қасқайып қарап тұрған сияқты. Мүсінді түзету оңай. Өз ісін білмейтін басшыны ауыстырмасаңыз болмайды, түзеу қиын. Екі жағдайда да өзіңізден оң шешім күтеміз!

Алия Ортаева-журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *