ҚАНДАЙ АСПЕКТ ІЗДЕДІҢДЕР, Сәрсен Құранбек? МЕН ЭКСТРЕМИСТ ТЕ, ТЕРРОРИСТ ТЕ ЕМЕСПІН!

0
Untitled design - 1

Әдетте, марапаттау мәселелерімен экстремизм және терроризммен күресетін мекемелер айналыспайды. Менің өтініш хатымды хат емес, «қаһармандық шекарадан өтуге» баладыңдар ма, неге осы мекемеге жібердіңдер? «Бояушыны бояушы десе, сақалын бояйды»,-деуші еді, менің сұраныс хатымнан:

ҚАНДАЙ АСПЕКТ ІЗДЕДІҢДЕР, Сәрсен Құранбек? МЕН ЭКСТРЕМИСТ ТЕ, ТЕРРОРИСТ ТЕ ЕМЕСПІН!

«Ұялмас бетке талмас жақ береді» дейді атам қазақ. Апта сайын ел алдына шығып сөйлей беретініңді көріп жүрміз. «Жымысқы» әрекетке барады дегенге өзіңді қимаймын бірақ… Сен иедологсың, акиматтың «тұтқасы», белді адамысың! Мойындаймын! Батырлығыңды қатындығыма «салмасайшы». Ұят болады! Бұл мақаламда «соттассақ та,, оттассақ та’ турасын жазып отырмын. «Тура биде туған жоқ!»

Әлде маған «Жылдың ең қауіпті азаматшасы’ атағын беру керек деп ойладыңдар ма? Болмаса, «Ең қауіпсіз қағазбасты’ номинациясын алып беру үшін бе?

Экстремизм және терроризммен күресетін мекемеден хатымның Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасына» оралуынан кейін де, толыққанды жауап алмауымның өзі бұл «сапардың» «қағаздың шаң-тозаң басқан артық қозғалысынан’ басқа ештеңе емес екенін меңзеп тұр ғой солай ма? Жауаптарыңа шағым жолдап жібердім. Тағы қай мекемеге тексертіп алсаңдар да, сұранысқа толыққанды жауап жазып жіберіңдер…

Марапаттау туралы сұраныс хаттан терроризм мен экстремизмнің» сипатын іздеу қай ұғымға сыяды әйтпесем? Марапатқа мүлдем қызықпайтын қарапайым қалпыммен Республика күніне орай Президент жарлығымен «Марапаттау және награда алғандар Шымкент қаласында қандай критерий, қандай кейстермен іріктелді?» деген мүлдем КҮДІКТІ ЕМЕС тақырыппен хат жолдағанмын. Оны «Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасы» деген жайлы, қағаздан көз ашпайтын «сарайда» тыныш тіркеледі деп күткенмін. Алайда, бұл мегаполистің «астыртын бюрократиялық бағыты» онымен келіспегендей сыңайда, Aqorda.

​Қазақстанның цифрлық жүйесі ең креативті жүйе ретінде ашықтықты қамтамасыз етіп бере алды. Сұраныс хаттарымыздың қай мекемелерден қайда өтіп жатқанын анық көріп отырмыз. «Е-Өтініш» платформасы ұдайы жетілдіріліп, цифрлық дамудың даңғыл жолына түсіп, Президеттің ашықтық пен жариялылығын ұдайы қамтамасыз етіп отыр. Алайда Шымкенттік команда яғни, жергілікті атқамінерлеріміздің мен жазған хатқа келгенде «шатыры» шатқаяқтап» қалады екен да!… «Таңы айырылып, тамы кетпесе» қарапайым сұраныс хатым «экстремизм мен терроризмде» не істеп жүр?

Қарапайым ғана марапаттау туралы өтініштен жасырын радикалды пиғыл іздеп, тікелей Экстремизм және Терроризмге қарсы күрес бөлімінің үстеліне бағыттады! Содан төмендегіше тон пішіп отырмын.
​Қызметкерлердің бірі хатты оқығандағы реакциясын суреттеуге тіл жетпей қалған шығар ә, Сәрсен Құранбек? Хатты оқығанда әлде, ойыңа бірдеңе түсіп кетті ме? Бірақ оқымауың да мүмкін ә? Білмейміз, білмеген соң сұраймыз ғой…

​»Құдай-ау, бұл ‘Еңбек ері’ атағына ұсыну хаты емес пе?! Еңбек? Ерлік? Неге? Қандай мақсатта? Бұл тұрақсыздықты тудырудың «жаңа формасы!» Әлде бізді осылайша ‘қағаз терапиясымен’ жоюды жоспарлап отыр ма?» – деп жаныңдағы «жылтыңдағандардың» бірі үрейлене айқайлады мекен? ​Мұндағы логика қарапайым: егер адам еш қиындықсыз награда туралы хатқа жауап алғысы келсе, онда оның артында үлкен астыртын әрекет жатыр. Қазіргі таңда қарапайым болудың өзі күдікті!

​Марапаттаудың «Қауіпсіздік Кодексіне» қайшы келетіндей не сұраппын? Өз әрекеттеріңе сенбей, журналистің не жазатынын білмедіңдер. Жалпақ сұрау салу: «404-ERROR» бағытта. Оқыдыңдар, дым таппадыңдар…
Сосын, марапатқа ұсыну туралы хат «КҮДІКТІ НЫСАН №1″ мәртебесін алып, қауіпсіздік бөлімінің зерттеуіне ұшырады. Солай ма?

​Террорға қарсы талдау нәтижелері нені көрсетті сонда?

​»Награда» сөзі: Бұл, мүмкін, шын мәнінде «Граната» сөзінің шифры болуы мүмкін бе, сендер үшін, акимат? Хаттағы қай сөзімнен ілік іздедіңдер?
​Әлде, ​Қарау мерзімі 3 қараша: «Бұл – қауіпті операцияның басталу күні!» деп болжадыңдар ма?
​Ақырында, сұраныс хатымнан ешқандай жарылғыш зат, немесе тыйым салынған идеология табылған жоқ. Бөлім қызметкерлері жеңіл күрсініп: «Еххх, акимат, акимат, біз террорист іздеп жүрсек, қарапайым хат арқылы біздің жүйемізді келеке етіп кетті ғой!» деп өкінген болар.

​Эпилог: Жүйе тәртіпке оралғанда
​қауіпсіздік бөлімі «қағаздың экстремизмі мен терроризмі» жоқ екеніне көз жеткізгеннен кейін ғана, Шымкент қаласы әкімдігінің Іс басқармасына қайта бағыттады.

​Қорытынды:
​Бұл жағдай маған нені көрсетіп отыр? Шымкенттегі маған беймәлім бір адамның бюрократиялық пайымы өздігінен жаңалық ашып, қарапайым өтініштерді ұлттық қауіпсіздік деңгейіне көтере алатындығының ашық дәлелін көрсетіп отыр. Хатым «аман-есен» өздеріңе оралған соң, экспертиза тағайындата салмадыңдар ма? Ендігі кезекте әр хат жазғанымда, әрқашан «экстремизмге қарсы күрес» медалін алуға дайын болып отырайын ба? «Әлде, түбі террорист» қып шығарасыңдар ма? Себебі, менің сұраныс хат жазудағы еңбегімді «мемлекеттік деңгейдегі ең қауіпті міндет» шегіне жеткізіпсіңдер ғой.

Айналайын, акиматым, ғайыптан-тайып «жердің астына түсіп» немесе көшіп кетпесем, «билік ағын су мен тас» болып тұрмын. «Су ағады, тас қалады!» Оның несін бір бірімізге дәлелдейміз?Шымкенттегі хатқа қатысты мына «таңғажайып» жағдайды түсіндіріп беріңдер! Наградаға өтініш жіберсем, ол тура «Экстремизм және Терроризмге қарсы күрес бөліміне» не үшін «саяхаттап қайтыпты?

​Қазіргі қағазбастылық жүйесінде қарапайым марапат алуға жауап жазуды Ұлттың Қауіпсіздік мәселесіне көтере алу тек Шымкенттегі акиматымның ғана қолынан келді. Ғабит Сыздықбеков әкім болған тұста! Сәрсен Құранбек идеолог болып отырған уақытта! РЕСПЕКТ!

​Наградттау туралы сұраныс хатыма миығынан күліп шыққан «бюрократиялық» қадамдарың құтты болсын! Қайсысыңның болсын, «ерліктеріңнің» алдында «тақиямды» шештім!

Алия Ортаева -журналист.

#Шымкент #Бюрократия #Награда #Сарказм #Қағаз_Терроры_атағына_ұсынып_жібермесе_жарар_еді #Әкімдік_ә_зілдері #Біздегі_бюрократия!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *