IMG_0631

Қаржылық алаяқтық-бұрыннан келе жатқан өзекті мәселе. Бұл алаяқтықтың түрлері өте көп, бірақ олардың барлығы адамдардың сеніміне кіріп, қаржылық пайда табуды көздейді.Технологиялардың дамуымен бірге алаяқтар да жаңа әдістер ойлап тауып, адамдардың сенімсіздігінен пайда табуда.

Солардың негізгі түрлеріне тоқаталып кетейік.

       1.​Фишинг. Алаяқтар жеке ақпаратты алу үшін жалған сайттар, электронды хаттар немесе хабарламалар жібереді. Адамдар сеніп, өз мәліметтерін енгізгенде, алаяқтар оны пайдаланып, есепшоттардан ақша ұрлайды және несие рәсемдейді.

       2.​Инвестициялық алаяқтық. Бұл схемада адамдарға жоғары табыс әкелетін жалған жобалар айтылады. Көп жағдайда алаяқтар жалған акциялар, қорлар немесе криптовалюта ұсынып, салымшыларды алдайды. Мұндай инвестициялық алаяқтықтың  айқын белгісі – күмәнді уәделер мен шамадан тыс жоғары табыс.

       3.Несие алаяқтықтары. Алаяқтар адамдарға төмен пайызбен несие береміз деп , алдын ала төлем немесе құжат рәсімдеу үшін ақша талап етеді. Адамдар ақша төлегеннен кейін, алаяқтар байланысқа шықпай, жоғалып кетеді.

​4.Жалған интернет-дүкендер. Алаяқтар жалған онлайн-дүкендер жасап, адамдардан алдын ала төлем талап етеді. Тауар жіберілмейді немесе сапасыз өнім жеткізіледі. Адамдар сатып алуға сеніп, ақшаларын жоғалтады.

    Осындай алаяқтардан калай сақтану керек? Жеке мәліметтеріңізді ешқайда, ешкімге жібермеу керек. Телефоныңызға келген код, ссылкаларды ашпаңыз. Себебі ресми банк жұмысшылары сіздерден ешқашан код талап етпейді. Егер біреу жоғары табыс кепілдендіріп, тез байып кетуді уәде етсе, күмәнданған дұрыс. Инвестициялық жобалар мен компанияларды мұқият тексеріп, тек лицензияланған мекемелермен жұмыс істеңіз. Интернет магазиннен бірдеңе сатып алмас бұрын, аккаунтты зерттеңіз, тұтынушылардың пікірін оқыңыз. Сонымен қатар, тек тексерілген платформалардан тауар сатып алғаныңыз жөн. Егерде сіз осындай күманді әрекеттер байқасаңыз немесе қаржылық алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарымен байланысқаныңыз жөн.

     Қаржылық алаяқтықтан қорғаудың ең басты жолы – қаржылық сауаттылықты арттыру және қырағылық таныту. Адам өз қаржысын басқару ережелерін түсініп, ақшалай шешімдерді дұрыс қабылдаса, алаяқтарға алдану ықтималдығы азаяды.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Компьютерлік технологиялар кафедрасы, Медиажурналистика мамандығының 2 курс студенті Мадина Ардыканова

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *