Қаржылық алаяқтық: оны қалай тануға және алдын алуға болады?

0
IMG_0632

 

Қаржылық алаяқтар – өздерінің пайдасы үшін басқалардың ақшасын заңсыз жолмен иемденуді көздейтін адамдар немесе қылмыстық топтар. Олар түрлі тәсілдерді пайдаланып, адамдардың сеніміне кіріп, қомақты қаржы немесе жеке ақпараттарды ұрлауға тырысады. Қазіргі қоғамда қаржылық алаяқтылық мәселесі үлкен дауға айналып отыр . Әлемдегі қаржылық операциялар мен қызметтердің сандық форматқа көшуі алаяқтар үшін жаңа мүмкіндіктер аша түсті. Мақалада қаржылық алаяқтардың әрекеттері қалай жүзеге асатынын және олардан қалай сақтануға болатындығы туралы баяндаймын.

Қаржылық алаяқтардың әрекеті қалай жүзеге асады?
Қаржылық алаяқтар немесе мошенниктер олар жақсы дайындалған , адамдардың сеніміне тез кіре алатын топ. Олар әр түрлі әдістерді пайдаланып,құрбандарды алдап-арбап,психологиялық қысым көрсету арқылы өз дегеніне жетеді.Сарапшылардың айтуы бойынша алаяқтар көбінесе психологиялық манипуляцияны көп қолданып, адамды күмән тудырмайтындай етіп, жалған ақпарат беріп сеніміне кіріп алады екен. Міне, қаржылық алаяқтардың әрекеттері қалай жүзеге асатынына қатысты негізгі әдістер мен кезеңдер:

1. Құрбанды анықтау және зерттеу:

Алаяқтар алдымен өздерінің мақсатты аудиториясын анықтайды. Олар көбінесе қаржылық қиындықтарға тап болған немесе жылдам пайда табуды көздейтін адамдарды нысанаға алады. Интернеттегі алаяқтар әлеуметтік желілер, жұмыс орындары, немесе банктер арқылы адамдардың жеке ақпаратын жинап, олар туралы деректерге қол жеткізеді. Жеке тұлғалар туралы ақпаратты алғаннан кейін, оларды алдап, жоспарларын іске асырады.

2. Сенім орнату:

Алаяқтар алдымен сенімді қарым-қатынас орнатуға тырысады. Олар банктердің, мемлекеттік органдардың немесе белгілі компаниялардың атынан хабарласып, сенім туғызу үшін нақты және шынайы көрінетін ақпараттарды пайдаланады.

3 .Қаржылық транзакцияларға қатысу:

Алаяқтар адамның сеніміне кіргеннен кейін, оларды ақша жіберуге немесе өздерінің жеке қаржылық мәліметтерін бөлісуге көндіреді. TeamViewer, AnyDesk, RustDesk, Hopto Desk, RuDesktop-ты
жүктеп алуды ұсынады.

4. Іздерін жасыру:

Қаржылық алаяқтар, әдетте, өз әрекеттерін жасыру үшін түрлі шаралар қолданады. Олар жалған құжаттар жасайды, әртүрлі жалған атауларды пайдаланады немесе қаражаттарды бірнеше шотқа таратып, іздерін жасыруға тырысады. Алаяқтар көп жағдайда ақшаны қайтару мүмкін болмайтындай етіп, оны тез арада шығарып алады немесе шетелге аударады.

5. Қаржылық алаяқтықтың технологиялық аспектілері:

Сандық технологиялардың дамуы қаржылық алаяқтарға көптеген жаңа мүмкіндіктер берді. Олар интернеттегі желілерді және криптовалюталарды пайдалана отырып, өз әрекеттерін құпия сақтайды және қадағалауды қиындатады.

• Кибершабуылдар: кейбір алаяқтар банк жүйелері мен онлайн-сауда платформаларына шабуыл жасап, пайдаланушылардың мәліметтерін ұрлап алады.
• Жалған веб-сайттар: алаяқтар танымал сайттардың көшірмесін жасап, олар арқылы пайдаланушыларды алдап-арбайды.

Статистика
Федералдық Сауда Комиссиясы (FTC) – АҚШ-тағы алаяқтық туралы жыл сайынғы есептері.
2022 жылы бүкіл әлемде қаржылық алаяқтық салдарынан жалпы шығын шамамен $5 трлн-ды құрағаны туралы деректер бар. Бұл жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) шамамен 6%-ына тең.

Интернет алаяқтары: 2023 жылы интернет арқылы жасалатын қаржылық алаяқтықтың өсімі күрт артып, бұл салада 40%-ға дейін өскен. Алаяқтар көбінесе фишинг шабуылдары, жалған инвестициялар және онлайн саудадағы алаяқтықты қолданған.

Қазақстанның ішкі істер министрлігінің ресми сайтында

Қазақстанда 2023 жылы қаржылық алаяқтықтың өсуі байқалған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы тіркелген алаяқтық істерінің саны 2 есе көбейген. Алаяқтық әрекеттердің басым бөлігі интернет және телефон арқылы жасалған.

Алаяқтардың құрбаны кімдер?

Қаржылық алаяқтықтың құрбанына кез келген адам айналуы мүмкін, бірақ кейбір топтар көбіне алдануға бейім келеді. Алаяқтар белгілі бір топтарды осал деп санап, оларды нысанаға алады. Кімдердің жиі алданатынын төменде қарастырып көрейік:

Қарт адамдар:

• Қаржы алаяқтарының басты нысанасы – егде жастағы адамдар. Олар жаңа технологиялармен немесе интернеттегі қауіпсіздік шараларымен таныс болмауы мүмкін, сондықтан алаяқтардың алдауына жиі түседі.
• Қарт адамдарға көбінесе жалған қоңыраулар мен хаттар арқылы өздерінің зейнетақысын, банк шоттарын немесе мүлкін тартып алуға тырысатын алаяқтар жүгінеді. Алаяқтар оларды медициналық көмек немесе жалған инвестициялық жобалармен алдап кетуі мүмкін.

Жастар мен студенттер:

• Жас адамдар, әсіресе студенттер, қаржылық сауаттылықтары жеткіліксіз болғандықтан, жиі алданады. Олар жылдам пайда әкелетін инвестицияларға немесе жеңіл несиелерге сеніп, жалған келісімдерге қол қояды.
• Студенттерге арнап жасалған жалған стипендиялар, оқу гранттары немесе студенттік несиелер алаяқтардың жиі қолданатын әдістеріне жатады.

Жаңа технологияларды пайдаланатындар:

• Онлайн операциялар мен сандық технологияларды белсенді пайдаланатын адамдар да алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Мысалы, онлайн-банкинг, электрондық төлемдер, әлеуметтік желілер мен интернет-дүкендерді пайдаланушылар интернет алаяқтардың назарында болады.
• Фишинг немесе онлайн сатып алулардағы алаяқтық арқылы алаяқтар пайдаланушылардың жеке және қаржылық мәліметтерін ұрлап алады.

Жылдам ақша табуды қалайтындар:

• Жылдам әрі оңай жолмен байып кетуді қалайтын адамдар да алаяқтардың құрбаны болады. Олар жоғары табысты инвестициялар, криптовалютаға инвестициялау немесе қаржы пирамидалары сияқты схемаларға тез сеніп, ақша салады.
• Алаяқтар осы топқа арнап тартымды ұсыныстар жасап, оларды жылдам пайдаға жетудің жолы ретінде көрсетеді.

Қаржылық қиындыққа тап болған адамдар:

• Қаржылық қиындықтармен бетпе-бет келген адамдар көмек іздеп, күмәнді ұсыныстарға сенуі мүмкін. Оларды алаяқтар жеңіл несие, қарызды кешіру немесе төлемдер бойынша жеңілдік ұсынатын жалған компаниялар арқылы алдап кетеді.
• Алаяқтар оларды шұғыл шешім қабылдауға мәжбүрлеп, жалған шарттармен келісім жасауға итермелеуі мүмкін.

Тәжірибесіз кәсіпкерлер мен бизнесмендер:

• Жаңа бизнес ашқандар немесе кәсіпкерлік тәжірибесі аз адамдар қаржылық алаяқтыққа жиі ұшырайды. Оларға жалған инвестициялар, бизнес серіктестіктер немесе заңсыз мәмілелер ұсынылады.
• Кейде олар заңсыз қаржылық кеңесшілерге сеніп, қаржылық шығынға ұшырауы мүмкін.

Қаржылық сауаты төмен адамдар:

• Қаржылық білімдері жеткіліксіз адамдар қаржы операцияларын дұрыс бағалай алмай, алаяқтардың арбауына түсіп қалады. Олар келісімшарттарды немесе ұсыныстарды түсінбей қол қояды, нәтижесінде қаржылық шығынға ұшырайды.

Сақтану жолдары
Бейтаныс номерлерді көтеруден аулақ болыңыз. Егерде тұтқаны көтерген болсаңыз хабарласушыны кім екенін, қай жерде немесе қайдан хабарласып тұрғанын біліп алыңыз.Көбінесе банктан хабарласып сізге манипуляция қолдануы мүмкін, ондай жағдайда біз күдіктіні тексереміз.
Наук фрод мониторинг жүйесі арқылы барлық операцияларды алаяқтыққа қатысты тексереді және талдайды
• Егер операциялар туралы кудік тундаса, қосымша тексеру үшін біз Push-хабарлама жібере аламыз немесе телемдерді растау ушін сізге конырау шала
аламыз
• Егер сізге Push хабарламасы келмесе, Halyk белімшесінде сенімді немірді
орнатыныз
• Растауды куту уакыты — 30 минут
• Әрі карай, операцияны растау ушін Halyk операторы сізге конырау шалады.

Қорытындылай келе,қаржылық алаяқтар – бұл адамдарды алдап-арбау арқылы пайда табуды көздейтін тұлғалар немесе топтар. Олардың әрекеттерінен сақтану үшін қаржылық сауаттылықты арттырып, жеке мәліметтерді қорғауға аса назар аудару қажет. Қаржылық алаяқтықтың алдын алу – өзіңізді және жақындарыңызды қаржылық шығындардан қорғаудың негізгі жолы.

Ербол Сымбат
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Комьпютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *